Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Барсадан" бақ ұшқан күн немесе Мюнхендегі күйреу

"Барсадан" бақ ұшқан күн немесе Мюнхендегі күйреу

Кәрі құрлықтың ең ірі додасы саналатын Чемпиондар Лигасының жартылай финалында каталондық "Барселона" мен мюнхендік "Бавария" командасы күш сынасты. «Альянц-Арена» стадионында өткен кездесуде Юпп Хайнкестің тәлімгерлері 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Голдар: Мюллер (25’), Гомес (49’), Роббен (73’), Мюллер (82’).

Баварлықтар кімдерге қарсы ойнағандарын білмеді. Иә, сөздің шыны керек, "Барселона" командасы бұл ойында бар біліктерінен жаңылды. Сәт сайын қысқа  пас беруде қателік жасап, бойларын бойкүйездік шалғандай әсерде қалдырды. Қинап, қыстап шығарғанмен, аргентиналық ойыншы да жақсы өнер көрсете алмады. Күні бұрын әкесі айтты дейтін бір ақпарда, Месси бұл ойынға дайын болмаған сыңайлы. Өзіңіз-ақ алып қараңызшы, жарақат алған ойыншы бірден жарқырап кете қояр ма екен?! Хош делік. Бас бапкердің орнын басқан көмекшіні де жазғырудан аулақпыз. Кеше ғана науқас болып, бүгін ортаға келіп отырған бапкер не айла жасасын.

Мүмкін, бұл жерде барсалық ойыншылардың даңқ шыңында көздері ілініп кеткендіктен болар. Қазақта "көздің еті іскіш келеді" деген сөз бар ғой, жеті-сегіз жылға созылған толлассыз толағай табыстар осы бір пенделердің аяғын тұсауы мүмкін ғой. Пептің өзі де ақырғы күндерде қол астындағы тәлімгерлердің өзгерісін байқаған болар. Ақыры, кетіп тыңды. Мүмкін, сол бір үздік-создық аңыз-атақ Пеппен бірге неміс жеріне көшті ме екен?!

Барсалықтарды тырп еткізбеген неміс ойыншылары үлкен мақтауға ие. Бапкер қойған тапсырманы артық орындады. Шабуылшысы әмбебап өнер көрсетсе, қорғаушысы қимыл-қозғалыста шапшаңдық танытса, өз кезегінде жауапкершіліктің үдесінен табылды деген сөз. "Семіз айтып, арық шықпайтын" немістер білген жүрістерінен мүлт кетпеді. Олар өздерінің ашкөздікке деген бар ынта-пейілдерін танытты. Жалпы алғанда, немістер жыл сайын тәуір ойын көрсетіп, қарсылас шақ келтірмей жатса да, финалдық ойындарда сорлап қала беретін. Бұл жолы олай болуы мүмкін емес. Дәл осы жылы Чемпиондар Лигасын немістер ұтып жатса, еш таңырқамаймыз. Өйткені, себебі, сол үшін дегендей...

Бас қазы Виктор Кашшаиға барсалықтар алғыс айтуы қажет. Әйтпегенде, екі бірдей пенальти орындалуы тиіс тұғын. Волейбол мен футболды қатар алып жүрген Шакираның күйеуі шындығында тәртіп бұзған еді. Қапталда тұрған төрешінің көмекшілері де еш нәрсені байқамаған сыңай танытты. Негізі, УЕФА енгізген қосымша көмекшілердің еш қажеті жоқтығы тағы бір байқалып қалды.

Және бір айта кетерлігі, немістер соққан екінші гол төреліктен мүлт кеткен секілді. Фуболшы ойыннан тыс қалған, негізі. Алайда, Виктордың бұған қарсы еш үкімі болмады, бірақ, Роббен соққан төртінші гол тұсында бәрін дұрыс деп шешті. Қос аяғын қойып үлгерген Томас Хорди Альбаның алдын жауып қалған-ды, ал голландиялық сұрмерген мүлт кетпеді.

Вальдестің көп ұзамай "Барсадан" кететіні жақсы болды. Шындығына келгенде, жақсы ойыншы шығар, бірақ, жақсы қақпашы емес. Бірінші гол сәтінде сәтті қимылдау тиіс-тұғын. Айтып-айтпа, каталондықтардың қорғанысы да тым нашар көрінді. Пуйольдің орны айқын білініп тұрды.

Айтпақшы, "Барселона" мұндай ірі жеңілістен соң, 4:0 есебінен кейін қарымта кездесуде есе қайтарып көрмепті.

Чемпиондар Лигасының 1997/98 жылғы маусымында "Барса" "Динамо" командасына қарсы өткен ойында өз қақпаларына жауапсыз төрт бірдей гол жіберген. Одан кейін арада он бес жыл өтіпті.

Қарымта кездесу 1 мамыр күні «Камп Ноуда» өтеді.

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет:www.sport.ru; www.kingbet.neteurosport.ru

391 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 24 сәуір 2013, 11:18
Пікірлер
+0
24 сәуір 2013, 11:50

Ұят қо мынау :shock:

+0
24 сәуір 2013, 12:06

Барса: "Мен салмадым, сен салдың, Қайырлы болсын сіздерге, Біздерден қалған бұл футбол"

+0
24 сәуір 2013, 12:23

Бавария финалды жеңуге тұрарлық!!!

+0
24 сәуір 2013, 13:02

"Неміс машинасын" финалда деуге толық негіз бар

+0
24 сәуір 2013, 13:14

Тек екінші таймды ғана қарадым. Барсаны танымай қалдым.... Қызық ойын болады ма деп ойлап едім... Жағдайларын қиындатты...

+0
24 сәуір 2013, 13:19

тақырыбына қарап Фараби Барсаға өлең арнаған екен ғой десем :D . өте аянышты ойын болды.

+0
24 сәуір 2013, 14:02

КЕРЕМЕТ ОЙЫН!!! Тамағымды жыртып айқайлап, енді дауысым шықпай отыр)

+0
24 сәуір 2013, 15:19

Кемінде үш гол салады дегенім дәл келді. Бавария енді финалда реалмен ойнайды

+0
24 сәуір 2013, 19:38

төрешіде сәтілікте Бавариялықтар жақта болды

+0
25 сәуір 2013, 21:59

Ия, екі гол қате, бірақ қойылмаған пенальтилерді де айта кеткенің жөн еді! Ал негізі сенің төрешілер туралы сөз қозғамағаның дұрыс :!:
Сәттілік туралы айтпай тұрып, командалардың көрсеткен ойындарын есіңе алғайсың :!:

+0
25 сәуір 2013, 01:53

1-ші гол Вальдестің өрескел қателігі, 2-ші гол офсайдтан, 3-ші гол нарушениемен салынды. Тек 4-шісі таза гол. Сонда 1-0

+0
25 сәуір 2013, 21:56

уахахахххх, сонда Вальдестің қателігі үшін голды санамау керек па??? Ал Барселона қақпасына қойылмаған 3 пенальти туралы не айтасың???

+0
26 сәуір 2013, 01:48

Қолмен ойнау кез келген команда да болып жатыр. Баварияныкімен салыстырғанда ештеңе емес

+0
26 сәуір 2013, 09:45

нағыз фанат командасының жеңілгенін мойындай біледі. сен ГЛОРСЫҢ!

+0
26 сәуір 2013, 10:41

Пике: "Арбитр ни в чем не виноват. "Бавария" была лучше, быстрее и сильнее нас".
Тіпті ойыншылардың өздері мойындуда, ал глорлар әлі шулап жатыр

+0
25 сәуір 2013, 22:15

Барса ұят болды-ау қауымнан...

+0
27 сәуір 2013, 22:07

ма Баварияларын кушиди го :D :D :D :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...