Агент: "Барселонаға" қажет ойыншылардың тізімін Неймар бастап тұр"

Агент: "Барселонаға" қажет ойыншылардың тізімін Неймар бастап тұр"

"Барселонаның" агенті Андре Кюри (Оңтүстік Америкамен арадағы ауысымды (трансфер) реттеп отырады) «Сантос» шабуылшысы Неймардың каталондықтардың сапына ауысып қалуы мүмкін екендігін жасырмады. 

"Барселона" клубына қажет ойыншылардың бас тізімін Неймар бастап тұр. Неймар "Сантоспен" қош айтыса қалса, біз келісім-шарт жасасуға дайынбыз. Ол да болмаса, 2014 жылғы әлем чемпионатына дейін күтуге бармыз. Бірақ, осы жаз айларының бірінде келісім орын алуы әбден мүмкін. Месси, Хави, Иньесте үштігі асыға күтуде"- дейді Андре Кюри.

"Неймардың баруымен Мессиге деген кіріптарлық жойылмақ. Ал "Сантосқа" - Неймардың өзінен. Екі-үш жылдан кейін Месси эстафетаны Неймарға табыстай алатын болады" - дейді сөз соңында.

Чемпиондар Лигасында "ПСЖ"-ға қарсы өткен соңғы ойында Мессидің алаңда жоқтығы айқын байқалып тұрды. Тіпті, аргентиналық сұрмерген ойынға араласып барып қана каталондықтар жеңілістен қашып құтыла алған еді.

сурет:newsfiber.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига