Англия Кубогы. "Ман Сити" финалға шықты

Англия Кубогы. "Ман Сити" финалға шықты

13 Сәуір күні өткен Англия Кубогының жартылай финалында «Манчестер Сити» лондондық клуб «Челсиді» 2-1 есебімен жеңді.

Лондон қаласында орналасқан «Уэмбли» стадионында өткен ойын 2-1 есебімен аяқталды. Жеңіскен жеткен командадан Самир Насри мен Серхио Агуэро көзге түсті. Ал «Челси» клубында голдың авторы Демба Ба атанды.

Енді "Сити" ақтық сында «Уиганмен» күш сынасатын болады. Кездесу 11 мамыр күні «Уэмбли» стадионында өтеді.

Англия Кубогы. Жартылай финал:

"Челси" (Лондон) - "Манчестер Сити" (Манчестер) - 1:2
Голдар: Насри, 35 (0:1); Агуэро, 47 (0:2); Ба, 66 (1:2).

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru

А. Құлтай