Қазақстан ФИФА рейтингінің 142-сатысында

Қазақстан ФИФА рейтингінің 142-сатысында

Халықаралық футбол федерациясының жаңартылған нұсқасында Мирослав Беранек баптайтын біздің  құрама тізімнің 142-сатысына жайғасыпты.

Өткен айда біздің құрама ФИФА рейтингінің 137-сатысында болған еді. 2014 жылғы Бразилияда өтетін әлем біріншілігінің іріктеу аясында наурыз айында Германия құрамасынан екі кездесу ұтылған соң, Қазақстан құрамасы 5 саты төмен сырғыған. Енді біздің құрама тізімнің 142-сатысында. Ал 141-сатыға Филиппин құрамасы жайғасыпты. 143-сатыда болса, Барбадос құрамасы тұр.

Жалпы тізімнің алғашқы ондығында үлкен өзгеріс жоқ. Бірінші сатыда 1538 ұпай жинаған Испания құрамасы келеді. Екінші сатыда біздің қақпамызға екі ойында 7 гол тоғытқан Германия құрамасы. Үздік үштікті 1292 ұпаймен Аргентина құрамасы қорытындылап тұр.

Тағы бір айта кететін жәйт, Хорватия құрамасы бұл айда бірде-бір ойын жеңілмей, 9-сатыдан 4-орынға бірақ түсті. Сондай-ақ Португалия құрамасы да 7-орыннан үздік бестіктің қатарына қосылды.

Жаңартылған ФИФА рейтингі:

1. Испания — 1538 ұпай
2.  Германия — 1428
3. (3) Аргентина — 1292
4. (9) Хорватия — 1191
5. (7) Португалия — 1163
6. (6) Колумбия — 1154
7. (4) Англия — 1135
8. (5) Италия — 1117
9. (8) Голландия — 1093
10. (11) Эквадор — 1056
142. (137) Қазақстан – 139

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: www.fifa.com

Ю. НИКУЛЛИН