"Қайрат" Қазақстанның он дүркін чемпионы атанды

"Қайрат" Қазақстанның он дүркін чемпионы атанды

"Қайрат" футзал клубы 2012-13 жылғы маусымда мерзімінен бұрын Қазақстанның чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

18-тур ойындары кезінде алматылық клуб оңтүстік астананың басқа бір клубы ЦСКА-мен қарымта кездесу өткізген еді. Ойынның алғашқы жиырма минутында-ақ "Қайрат" 5:1 есебімен алға шықты. Ал матчтың екінші жартысында олар есепті 13:5 жеткізді. 
Осылайша, "Қайрат" футзал клубы 34 ойыннан соң 95 ұпай жинап, Қазақстанның чемпионы атанды. Айта кетейік, алматылық клуб осымен 10 жыл қатарынан біріншілік чемпионы атағын ешкімге бермей келеді. 

Футзал. Қазақстан біріншілігі. Екінші матч. 18-тур:

"Қайрат" (Алматы) - ЦСКА (Алматы) - 13:5 (5:1).

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: prosportkz.kz

Б. Қосмағамбет