Чемпиондар Лигасы. «Малага» мен «Боруссия Д» тең тарқасты

Чемпиондар Лигасы. «Малага» мен «Боруссия Д» тең тарқасты

Чемпиондар Лигасының ширек финал аясында алғашқы кездесуін өткізген «Малага» командасы дортмундық «Боруссия» бір-бірінің осал тұсын таба алмай, тең тарқасты.

Кездесуді өте ширақ бастаған алаң иелері 7-минутта аргентиналық шабуылшы Савиола қарсылас қорғаушыларының арасынан сытылып шығып, Роман Вайденфейлер қорғаған қақпаны нысанаға алған болатын. Дегенмен қақапашы дер кезінде өз орнынан табыла білді. Дортмундтықтар Марио Гетценің көмегімен жауап берді. Ол Кабальеромен жеке дара шығып, қақпашыдан айласын асыра алмады.

Арада тағы 5-минут өткенде қонақтар тағы да бір тамаша шабуыл жасады. Гюндоган орталық алаңда қарсыласынан топты тартып алып, Гетцені паспен тапқан. Бірақ, Марио бұл матчтағы екінші керемет мүмкіндігін өз пайдасына пайдалана алмады. Ойынның 24-минутында «Малага» командасының қақпасына гол кірген болатын. Дегенмен, Левандовский гол соққан сәтте ойыннан тыс қалған екен.

Бірінші таймның аяқталуына санаулы ғана минуттар қалғанда «Малага» командасы гол соғатын тамаша мүмкіндікке ие болған еді. Бұрыштан асырылған допқа бірінші жеткен Баптиста да өкінішке орай бұл жолы қонақтардың қақпашысынан айласын асыра алмады. Осылайша бірінші таймда қос команда 0-0 есебімен тең тарқасты.

Екінші таймды Юрген Клопп жаттықтыратын «Боруссия» командасы шабуылмен бастады. Роберт Левандовски, Марио Гетце матчтағы есепті ашатын бірнеше мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алды. Кездесудің 65-минутында Марко Ройсс «Малаганың» қақпашысымен бетпе-бет шыққан болатын. Бірақ, бұл жолы «Малаганың» бағана қорғаушысы өз қақпасын сақтап қалды.

Тек кездесудің 89-минутында алаңға тыңнан шыққан «Малага» шабуылшысы  Антунес қарсылас қақпасына соққы жасап көрді. Бұл жолы да бірақ сәтсіз. Қорытынды есеп 0-0.

Енді бұл жұп арасындағы мықтыны 9 сәуір күні «Вестфаленштадион» аренасында өтетін қарымта кездесуде анықтайтын болады.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: soccer.ru, ivesport.ru 

Ю. НИКУЛЛИН