Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Германия құрамасынан тағы жеңілдік

Германия құрамасынан тағы жеңілдік

Германия құрамасынан тағы жеңілдік

Әлем біріншілігінің іріктеу сындары аясында Қазақстан Германиямен екінші матчты Нюрнбергте өткізіп, 4:1 есебімен ұтылды.

Кездесудің бірінші таймының 23-минутында Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Марко Ройс жойқын соққысымен есепті ашты. Араға небәрі төрт минут салып дортмундтық «Боруссияның» ойыншысы Марио Гетце есепті 2:0-ге жеткізді. Ал ойынның 31-минутында Германия құрамасының сапында алғашқы рет негізгі құрамға шыққан Илкай Гюндоган үшінші мәрте Андрей Сидельников қорғаған қақпаның саңлауын тапты.

Екінші таймда Қазақстан құрамасының сапында алаңға Бауыржан Жолшиев шықты. «Тобылдың» жартылай қорғаушысы алаңға шыққаннан соң, біздің құраманың ойыны шамалы да болсын жанданды. Нәтижесінде кездесудің 46-минутында Мануэль Нойердің өрескел қателігін дер кезінде пайдалана білген Генрих Шмидгаль есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен бұл матчқа немістер нүкте қойды. Ойынның 90-минутында Марко Ройс кездесудегі «неміс машинасының» төртінші голын соғып, көзге түсті.

Айта кетейік, Қазақстан Германия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында екінші рет жеңілді. Алғашқы «Астана-Арена» стадионында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Германиядан 0:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.

ГерманияҚазақстан – 4:1 (3:0)
Гол: Ройс, 23 (1:0); Гетце, 27 (2:0); Гюндоган, 31 (3:0); Шмидтгаль, 46 (3:1); Ройс, 90 (4:1).
Германия: Нойер, Лам, Мертезакер, Боатенг, Шмельцер, Гюндоган, Хедира, Мюллер, Озил, Ройс (Янсен, 90), Гетце.
Қазақстан: Сидельников, Гурман, Киров, Мұхтаров, Дмитренко, Энгель, Нұрдәулетов (Жолшиев, 46), Коробкин, Қонысбаев (Шомко, 78), Шмидтгаль, Остапенко (Көкеев, 64).
Бас төреші: Халис Озкахия (Түркия)
27 наурыз. Нюрнберг. «Франкенштадион» стадионы.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

1976 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 27 наурыз 2013, 15:41
Пікірлер
+0
27 наурыз 2013, 15:18

неміс машинасына қазақстандықтар қайдан төтеп берсін?! Қазақстандықтарға жеңіс тілеп өтетін шығармын!!!

+0
27 наурыз 2013, 15:48

эээх

+0
27 наурыз 2013, 15:55

Тағы жеңілдік? Не, басқа нәтиже күтіппа едіңдер? :lol:

+0
28 наурыз 2013, 11:00

8 мин ішінде қадап тастады ғой. масқара, Ей, анау өзбектерден үлгі алсаңдаршы. Ойыншыларының ішінде бір екіорыс болмаса қалғаны өзбек. И сосын олар өз топтарында бірінші орында, ӘЧ шығуға сәл ақ қалды оларға.

+0
29 наурыз 2013, 12:20

керемет ойнады біздікілер әлде мүмкіндік бердіме немістер бірақ жақсы ойнады

+0
23 сәуір 2013, 00:23

немистер мыкты :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...