"Арсенал" Вилья, Санчес және Виктор Вальдеске қызығушылық танытып отыр

"Арсенал" Вилья, Санчес және Виктор Вальдеске қызығушылық танытып отыр

"Арсенал" командасы жазғы ауысымда "Барселонаның" сапында жүрген Давид Вилья мен Алексис Санчес және Виктор Вальдесті сатып алуы мүмкін. 

Football Espana хабарлап отырғандай, үш футболшының жалпы құны 45 миллион еуроға шықпақ. Ол қатарда, осы маусымда жарқылдап өнер көрсете алмай жүрген Санчес үшін 15 млн, ал Вилья үшін 20 млн және Вальдес үшін 10 млн қаржы ұсынылып отырған көрінеді. 

Қаңтар айында "Арсенал" клуб басшылығы Вильяны сатып алғысы келген болатын. Бірақ, бәріне қарамастан бәрі сәтсіз аяқталған еді. Есесіне жақын апталардың бірінде Испания құрамасының сұрмергені каталондық командармен жаңа келісімшартқа отырыпты-мыс.

Аталған ойыншыға туриндік "Ювентус" клубы да қызығушылық танытып отыр екен. Ал Вальдеске оралар болсақ, каталондық клубтың мектеп түлегі 2014 жылы командамен қош айтысатын болыпты.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига