Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / «Неміс машинасына» шамамыз жетпеді

«Неміс машинасына» шамамыз жетпеді

«Неміс машинасына» шамамыз жетпеді

Бразилия жерінде өтетін 2014 жылы футбодан Әлме Чемпионатының іріктеу кезеңі жалғасуда. Елеутеудің сындары аясында Қазақстан құрамасы Германия аяқтаопшыларын «Астана-Арена» алаңында қабылдап, 0-3 есебімен ұтылып қалды.

Жергілікті уақытпен 24.00 басталған кездесуді тамашалуға «келген жанкүйерлерде Астана-Арена» стадионында ине шаншыр жер болмады. Еліміздегі спорт жанкүйерлері футболды әбден сағынғандай. Ертеректе айтақынымздай бұл матчтың 3 мың билеті Еуразия университетінің студенттеріне таратылды. Ал қалған билеттерді жанкүйерлер ойынға бір күн қалғанда алып біткен екен.

Жалпы ойынға келетін болсақ, қос команда да алаңға кіл мықты ойыншыларымен шықты. Тек қазақстандықтардың сапында жанкүйерлер күткен Таңат Нөсербаев пен Жамбыл Куеев алаңғы шықпаса, Ұлан Қонысбаев екінші таймда ойынға кірді. Немістердің сапында тек бір өзгеріс орын алды. Астанадағы алғашқы жаттығуда жарақат алған Марио Гоместің орнына дортмундтық «Боруссияның» шабулшысы Марио Гетце шықты.

Ойын бастала салысымен «неміс машинасының» аяқдопшылары допты өз иеліктеріне алды. Дегенмен бірінші таймның ортасына дейін мардымды шабуылмен көзге түскен жоқ. Кездесудің 19-минутында Йохим Лев мәжбүрлі түрде жарақат алған Юлиан Дракслердің орнына «Ареснал» шабуылшысы Лукас Подольскийді алаңға шығарды. Лукас алаңға шыға салысымен немістер матчтағы алғашқы голын салды. Орталық қорғаушылардың қателігін дер кезінде өз пайдасына жұмсаған Бастиан Шванштайгер қонақтарды 0-1 есебімен алға шығарды. Арада тағы екі минут өтпен жатып біздің орталық қорғаныста ойнаған Юрий Логвиненко мен Марк Гурман тағы қателікке бой алдырды. Бұл жолы қателікті оңтайлы Марио Гетце пайданалып, есепті 0-2 жеткізді. Бірінші тайм соңында біздің жігіттер азды-кемді шабыл жасады. Дегенмен соңғы соққыны жасайтын жоғары деңгейлі шабуылшының жетіспеді біздің құрамаға.

Екінші таймды да Қазақстан құрамасы шабуылмен бастады. Дегенмен, неміс қорғаушлыра өз алаңдарында өте сауатты ойнап, Мануэль Нойер қорғаған қақпаға ешқандай да қауіп төндірмеді. Біздің жігіттедің 100 пайыздың гол соғатын екі мүмкіндігі болған еді. Алдымен алаңға тыңнан шыққан Ұлан Қонысбаев қақпа маңдайшасына допты дәл тигізсе, кейін Генрих Шмидгаль (айтпақшы, бұл ойыншының жейдесіне бүгін Шмидгаль деп емес Шмидталь деп жазыпты) Нойерден айласын асыра аламды. Екінші таймның орта белінде «сен соқпасан, саған соғады» қағидасы орын алғандай. Ойынның 74-минутында қарымта шабуыл арқылы томас Мюллер кездесудегі есепті 0-3 жеткізіп, матчқа нүкте қойды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек: Бүгін елімізде үлкен той. Наурыз мейрамы болды. Оның арты футбол тойына жалғасты. Өкінішке орай, біз бірінші таймың ортасында қателік жасап, екі гол өткізіп алдық. Менімше, бұл кездесу тағдырып шешіп кетті. «Астана-Арена» стадионына жанкүйерлер көп жиналды. Жақсы қолдау көрсетті. Команда тарапынан біз оларға шексіз алғысымызды айтамыз. Біздің құрама Германияны жеңу үшін әлі де деңгейіміз жетпейді.

Футболдан Германия құрамасының бас бапкері Йохим Лев: Біз ойынның тағдырын бірінші таймда шешіп тастадық. Ол әрине, қуантатын жәйт. Дегенмен екінші таймда менің жігіттерім біршама сылбыр қимылдады. Осы жағынан менің көңілім толмады. Қазақстан құрамасына келетін болсақ, бұл құрамас Сан-Марино,Люксенбург сында ұжымдардан деңгейі әлдеқайда жоғары. Сіздерде футбол қарқынды дамуда. Алдағы он жылда Еуропа немесе Әлем чемпионатына өткіп қалуларыныз мүмкін. Бірақ, ол үшін көп еңбекту керек екенінде ұмытпау керек!

Қазақстан – Германия – 0:3

Голдар: Швайнштайгер, 20, Гетце, 22. Мюллер, 74.
Қазақстан: Сидельников, Киров, Логвиненко, Гурман, Дмитренко, Нұрдәулетов, Байжанов (Коробкин, 36), Шмидтгаль, Жолшиев, Хайруллин (Қонысбаев, 65), Остапенко (Гетериев, 82). 

Германия: Нойер, Лам, Мертесакер, Шмельцер, Хевенес, Хедира (Гюндоган, 82), Швайнштайгер, Эзил, Дракслер (Подольски 19), Мюллер (Шюррле 82), Гетце.

Бас төреші: Анастасиос Какос (Греция) 
Ескертулер: Логвиненко, 11. Коробкин, 56. Дмитренко, 65 — Швайнштайгер, 70. Хеведес, 89.

 

«Астана-Арена» стадионынан репортаж жасаған: Уалихан Қосанбай

295 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 23 наурыз 2013, 16:56
Пікірлер
+0
23 наурыз 2013, 19:45

неміс бапкерінің бізбен салыстырып отырған командаларының сиқына қараңыз!олар футбол ойнауды білмейтін арал мемілекеттер ғой...ал,бұл неміс бізді мазақ еткенін қоймады.осының алдында:қазақстан іріктеуге қатысу үшін,алдымен қосымша іріктеуден өтуі керек деп қорлағаны аз болғандай;енді айтып отырғаны мынау.мына құрамалармен салыстырғаны қай сасқаны?болмағанда өзімізбен деңгейлес әзербайжан секілді құрамалармен қатар қоя сойлесе болмас па еді...

+0
23 наурыз 2013, 21:34

Қашан қазақ футболы Әлем тарихында қалатын құрама болады екен.

+0
23 наурыз 2013, 21:50

Меніңше, біздің футболшылар жақсы ойнайды, тамаша ойын өрнегін көрсетті.

+0
23 наурыз 2013, 22:36

Қонысбаевті 1-ші минуттан жіберу керек еді ойынға, өткенде айтқанымдай әлсіздерді алаңға шығарып мықтыларды құрама сапынада шақырмайды Беранек

+0
23 наурыз 2013, 23:39

ұтылып қалдық па :(

+0
23 наурыз 2013, 23:50

бірдене бірденеден кейін манырайды :lol: :lol:

+0
25 наурыз 2013, 11:23

бірдеңе қай уақытта маңыраса да өзінің шаруасы ғо :lol:

+0
27 наурыз 2013, 04:54

:lol: :lol:

+0
24 наурыз 2013, 13:07

Пастарды әдемі береді қазақтар. Тики таканы жақсы меңгеріпті. А так немістерге жетәлмәйміз да ғой :roll:

+0
24 наурыз 2013, 13:34

Маган Бауыржан Жолшиевтiн ойыны унады

+0
24 наурыз 2013, 14:37

ия, бірақ неміс мәшинесінің алдында біздікілер қатты сасқалақтады. Психологиялық төзім болғанда бір гол соғуға шамалары келетінба еді деп қоям. Бірақ мойындау керек, немістер өз мүмкіндіктерінің 30-40 пайызын ғана пайдаланғанын

+0
24 наурыз 2013, 15:58

Байқаған шығарсыңдар, немістер уобщым ойнамады. жаймеееен айшин барып екі голды ура салды и болды, . Ал біздікілер артқа қарай пас беріп күйдірді ғой е :evil:

+0
24 наурыз 2013, 16:11

Біздікілерге жетіспей жүргені жылдамдық екен ғой, осы ойыннан соң көрдім. Сосын қарсыластың алаңында 2-3еуі жүрсе болады ғой, шабуыл жасаймын деген біреусіне доп тиюін тиед, пас берейін десе ешкім жоқ!

+0
24 наурыз 2013, 19:43

Енді әлемнің 2 құрамасына қарсы әлемнің 140-шы құрамасынан не күтуге болады. Жігіттер намысқа тырысты-ақ, бірақ шеберлік жетіспейді!

+0
24 наурыз 2013, 22:10

ұрыспаңызш)

+0
25 наурыз 2013, 01:02

ұрсыватқам жоқғо) сендей қазақтың ерке қызына қалай ұрсуға болады? :D

+0
25 наурыз 2013, 04:21

))

+0
24 наурыз 2013, 19:06

Okiniwtii)))) ennn duris emes bolgan narse ol sostav duris bomadi>> alde bizdekiler koz sokirma.. tusinbeim vooobwee?? wikarsai bar goi KAZAKtarda miktilar))) :twisted: birdene bolsa Sergei Ostapenka wikaradi,, odanda jaksi oinaitin Tajimbetovti..Kokeevti wikarsai))) oiim soolll... Jolwiev modes!!!!!!

+0
24 наурыз 2013, 19:49

Біздің қазақ футболының ПОЗОРЫ есеп емес, өз ойыншысының есімін қате жазғаны. Жергілікті әуесқой команданың ойыны емес, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ бір кезеңі бұл. ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙ! Бұндай қателік үшін ҚФФ-н ҚАТАЛ ЖАЗАЛАУ КЕРЕК!!!

+0
25 наурыз 2013, 08:36

(((((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...