Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінің 139-сатысына көтерілді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінің 139-сатысына көтерілді

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде футболдан Қазақстан құрамасы үш саты жоғарылап, 139-сатыға тұрақтады.

Өткен айдың қорытындысы бойынша, біздің құрама 142-сатыда болған еді.  Наурыз айында 212 ұпай жинаған Мирослав Беранек баптайтын жігіттер үш саты жоғарылап, 139-сатыға жайғасты.

Ал ФИФА рейтингінің наурыз айындағы тізімі бойынша, бірінші орынды Испания құрамасы алыпты. Ал Әлем біріншілігіне іріктеу аясындағы қарсыластарымыз Германия құрамасы екінші орында болса, Аргентина құрамасы үздік үштікті қорытындылап тұр.

14 наурыздағы ФИФА рейтингі:
1. Испания - 1610 ұпай,
2. Германия - 1473,
3. Аргентина - 1309,
4. Англия - 1174,
5. Италия - 1173,
6. Колумбия - 1159,
7. Португалия - 1133,
8. Нидерланды - 1106,
9. Хорватия - 1080,
10. Ресей - 1064,
...

Әлем біріншілігіне іріктеу аясындағы қарсыластарымыздың рейтингі:
21. Швеция - 849
40. Ирландия - 627
79. Австрия - 453
139. Қазақстан - 212;

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

А. Құлтай