Жозе Моуриньо - аптаның үздік бапкері

Жозе Моуриньо - аптаның үздік бапкері

Coachworldranking.com сайтының нұсқасы бойынша, наурыз айының екінші аптасында әлемнің үздік бапкері атағы мадридтік «Реалдың» жетекшісі Жозе Моуриньо бұйырды.

Бұл тізімде португалдық маман Жозе Моуриньо тағы да бір мадридтік команда «Атлетико» командасының бас бапкері Диего Симеонені орнына сырғытты. Ал үшінші сатыға Германия Бундеслигасының көшбасшысы «Баварияның» бас бапкері Юпп Хайнкес орналасыпты. Төртінші орында «Манчестер Юнайтедтің» жетекшісі Алекс Фергюсон. Үздік бестікті бір кездері «Реалды» баптаған, бүгінде бразилиялық  «Гремио» командасының тізгінін ұстап жүрген Вандерлей Лушембургу қорытындылап тұр.

Ал ұлттық құраманы басқаратын мамандардың рейтінгінде бірінші орында Висенте Дель Боске екен. Екінші сатыда Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Йоахим Лев болса, үшінші саты Нидерланды құрамасының бапкері Берт ван Марвейкке бұйырған екен.

Айта кетейік, бұл тізімде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері де бар. Біздің жігіттерді 210 жылдан бері жаттықтырып келе жатқан Мирослав Беранек coachworldranking.com сайтының рейтингінде 218-орынға тұрақтапты.

Клубтарды жаттықтыратын үздік он бапкердің тізімі:

1. Жозе Моуриньо («Реал») - 15653

2.  Диего Симеоне («Атлетико» Мадрид) - 15566

3. Юпп Хайнкес («Бавария») - 14547

4. Алекс Фергюсон («Манчестер Юнайтед») - 12054

5. Вандерлей Лушембургу («Гремио») - 11316

6. Тите («Коринтианс») - 11231

7. Хо-Гон Ким («Ульсан») - 11213

8. Тито Виланова («Барселона») - 10935

9. Юрген Клопп («Боруссия» Д) - 10691

10. Абель Брага («Флуминенсе») - 10124

Ұлттық құрамаларды жаттықтыратын үздік он бапкердің тізімі:

1. Висенте Дель Боске (Испания) – 21538

2. Йоахим Лев (Германия) – 18713

3. Берт ван Марвейк (Нидерланды) – 15252

4. Оскар Табарес (Уругвай) - 14489

5. Бобо Бреэдли (АҚШ) - 11769

6. Фабио Капелло – Ресей (Италия) - 10449

7. Рейналдо Руэда (Эквадор) - 9815

8. Мортен Олсен (Дания) - 9178

9. Клаудио Пранделли (Италия) - 8878

10. Сезар Фарис (Венесуэла) - 8537

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: www.celebrities.ru

Л. Лига