Рауан Сариев "Қайрат" сапында 3 жыл ойнайтын болды

Рауан Сариев "Қайрат" сапында 3 жыл ойнайтын болды

"Қайрат" футбол клубы бразилиялық "Ботафогоның" экс-форварды Рауан Сариевпен үш жылдық келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды алматылық команданың ресми сайты. Қазақстан футболының болашақ жарық жұлдызына саналатын ойыншы алаңда 29 нөмірімен өнер көрсетпек. 

"Оле Бразил" танымал академиясында тәлім алған ол "Қайрат" құрамына биылғы жылы команданың Түркиядағы оқу жаттығуы кезінде қосылған еді. 

Алматы облысының тумасы Рауан Сариев осыдан төрт жыл бұрын Қазақстан атынан Бразилияға шеберлігін шыңдауға аттанған жас таланттардың арасында болған еді. Ол өз қатарластарымен бірге Бразилияның атақты футбол оқу-орны "Оле Бразилде" шеберлік дәрістерін алды. Рауан арада екі жыл өткенен кейін жергілікті футбол бапкерлерінің көзіне түсіп, кезінде Силва, Таффарел, Роналдиньо секілді жұлдыздарды өсірген "Атлетико Минейро" клубына ауысады. Ал өткен маусымда ол "Ботафого" сапында өнер көрсетті. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет:rus.azattyq.org 

Б. Қосмағамбет