Англия Кубогының ½ финалы басталмай жатып тосын сый жасады

Англия Кубогының ½ финалы басталмай жатып тосын сый жасады

Англия Кубогының жартылай финалының жеребесі тасталды. Жеребе күтпеген жерден тосын сый жасады деуге келеді.

Тосын сый деудің себебі жарыс фавориттерінің барлығы бір топтан бір-ақ шықты. «Манчестер Юнайтед» пен «Челси» арасындағы ширек финалдық кездесудің жеңімпазы «Манчестер Ситиге» қарсы тұратын болады.

Ал екінші жартылай финалдық кездесуде «Уиган» командасы «Миллуолл» мен «Блэкберн» кездесуінің жеңімпазымен күш сынасады. Екі ойын да 13-14 сәуір күндері «Уэмблиде» өтеді.

Айта кетсек, «МЮ» мен «Челси» арасындағы қарымта ойынның қашан өтетіні әзірге белгісіз, ал «Блэкберн» мен «Миллуолл» тағдыры алдағы сәрсенбіде шешіледі.

Айта кетсек, әрбір жартылай финалдық кездесу ешқандай қарсы ойынсыз, тек  бір ойынмен ғана шектеледі.

Англия Кубогының ½ финалының жеребесі:

Миллуолл / Блэкберн - Уиган
Манчестер Юнайтед / Челси - Манчестер Сити

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: chelsea-fans.com

Ж. FM