«Челси» IFFHS рейтингінің көшін бастады

«Челси» IFFHS рейтингінің көшін бастады

Лондондық «Челси» футболдан клубтар арасында жүргізілетін халықаралық футбол федерациясы мен статистикасының (IFFHS) жаңартылған тізімінде бірінші орынға көтерілді.

«Ақсүйектер» бұл тізімде бір жыл бойы бірінші орынды ешкімге бермей келе жатқан каталондық «Барселонаның» орнын басты. Екінші сатыда футболдан Испания біріншілігінде өнер көрсететін мадридтік «Атлетико» командасы орналасқан. Үздік үштікті немістің «Бавария» командасы қорытындылап тұр. Төртінші орында бразилиялық «Коринтианс» командасы болса, бесінші сатыда соңғы кездері сәтсіз ойнап жүрген «Барселона» командасы.

Айта кетейік, IFFHS рейтингі әр айдың басында жаңартылып тұрады. Бұл жерде тек командалардың бір ай көлемінде өткізген матчтары ғана есептеледі.

IFFHS рейтингіне енген үздік 10 команданың тізімі:

1 . «Челси» (Англия) – 307 ұпай,

2 . «Атлетико» (Испания) – 304,

3 . «Бавария» (Германия) – 292,

4 . «Коринтианс» (Бразилия) – 287,

5 . «Барселона» (Испания) – 283,

6. «Бока Хуниорс» (Аргентина) – 281,

7. «Реал» (Испания) – 277,

8 . «Ювентус» (Италия) – 241,

9. «Интер» (Италия) – 234,

10. «Сан–Паулу» (Бразилия) – 226.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН