Гиггз 40-тан асқанша МЮ-да қалады

Гиггз 40-тан асқанша МЮ-да қалады

«Манчестер Юнайтед» ардагері Райан Гигз өзінің клубымен бір жылдық жаңа келісім-шарт жасасты.

«Олл Траффордта» өнер көрсететін клуб сапына 1991 наурыз айында қосылған Гиггз айтарлықтай тәжірибе жинап үлгерді. Тіпті команданың бас бапкері сэр Алекс Фергюсоннің өзі де мұндай ойыншыдан айырылып қалуға болмайтынын жақсы түсінеді.

Қазіргі уақытта Гиггз өткізген кездесулер саны бойынша командада рекордшы саналады. Ол жалпы есепте 931 ойын өткізген және 168 голдың авторы атанды. Райан Премьер-Лиганы 12 рет, Англия Кубогын 4 рет Лига Кубогын 3 рет және Чемпиондар Лигасын екі рет жеңді. 

«Мен өзімді жақсы сезінемін және өзімнің футболымнан ләззат алып келемін, брақ ең маңыздысы командада өзімді қажетті сезінетінімде. Осындай команданың бір бөлігі болғаныма қуанамын. Қазір, маусым соңы жақындап келе жатқанда, біз қайтадан жеңімпаз атануға үміткерміз», - дейді  Гиггз.

Айта кетсек, Гиггзтің жаңа келісім-шарты 2014 жылдың маусым айына дейін созылады. Ал келісім шарт мерзімі аяқталған уақытта аталған футболшы 41-ге толады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: muslib.ru

Ж. FM