"Астана" ФК жанкүйерлер есебінен пайда таппақ

 "Астана" ФК жанкүйерлер есебінен пайда таппақ

"Астана" футбол клубы жаңа маусымнан бастап өз алаңындағы ойындарға билет сата бастайды.  Бұл туралы астаналық команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Команда алғашқы ойын жылдарында жанкүйерлердің стадионға кіруін тегін қамтамасыз еткен еді. Алайда осы маусымнан бастап астаналық клубтың жанкүйерлері үшін сүйікті командасының ойынын тамашалау ақылы болмақ. "Астана" бүгіннің өзінде билет саясатын жасап қойыпты. Әйтсе де, футбол сүйер қауым үшін билет бағасы тым қымбат болмайды. Бір ересек адамға билет құны 200 теңгені құрайды. 

Жанкүйерлерге қолайлы болу мақсатында, клуб дүкендерде де билет сату бағдарламасын іске қосқан екен. Сондай-ақ, жақын аралықта маусымдық абонемент билеттері де сатыла бастайды. Одан бөлек, матч болатын күні стадион кассасынан да билет сатып алуға болады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz 

Б. Қосмағамбет