Гол уақытын өздігінен анықтайтын сағат

Гол уақытын өздігінен анықтайтын сағат

"CAIROS" неміс компаниясы Халықаралық футбол қауымдастығының (УЕФА) лицензияланған үшінші жеткізушісі болып отыр. Гол соғылған уақытта автоматты түрде анықтауға арналған жүйені өткен жылы жасақтаған болатын. Бүгінгі таңда компания өнімі барлық сынақтардан ойдағыдай өтіп, өз кезегінде лицензиялық құқыққа иелік етіп отыр.

"CAIROS" жүйесі Швейцарияның EMPA институында тәуелсіз сарапқа салыныпты. Сонымен қатар өткен жылдың желтоқсан айында Карлсруэ қаласының стадионы мен ең аяғы Мутшельбахта (Германия) соңғы зерттеулерден өткен. Лабораториялық тестілеу аяқтала салысымен, УЕФА-ның "GLT" сапалы техникалық бағдарламасы бойынша лицензия алу жағы қарастырылған.

Бұдан бұрын "GoalRef" пен "Hawk-Eye" жүйелері осы іспетті лицензияларға қол жеткізіп еді. Келешекте "GLT" жүйесі Бразилияда өтетін Әлем чемпионаты мен конфедерация Кубігінде қолданылып көреді.

сурет:news.ivest.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига