Чемпиондар Лигасы. "Порту" - "Малага" - 1:0

Чемпиондар Лигасы. "Порту" - "Малага" - 1:0

Чемпиондар Лигасы 1/8 финалы аясындағы екінші матч Португалияда өтті. Бұл кездесуде алаң иелері минималдық есеппен испандық клубты тізе бүктірді. 

"Драгао" стадионында өткен матч біркелкі сарында өтті. Ұйымдастырылған шабуылдардың көпшілігі алаң иелері тарапынан орын алды. Қонақтар тек қарымта шабуылымен ғана көзге түсіп жатты. Матчтағы алғашқы есеп 56-минутта тіркелді. Соғылған жалғыз голдың авторы болып Жоау Моутинью атанды. Ал оның матч қаһарманы атануына бразилиялық қорғаушы Алекс Сандро көмектескен еді. 

Енді қос клубтың қайсысы ширек финал қатысушылар қатарын толықтыратыны 13 наурызда Испанияда белгілі болмақ. 

Чемпиондар Лигасы. Плей-офф. 1/8 финал. Алғашқы матч

Төреші - Марк Клаттенбург (Англия)

"Порту" (Порту, Португалия) - "Малага" (Малага, Испания) - 1:0 (0:0)

Голдар: Моутинью, 56

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com 

Б. Қосмағамбет