Қазақстан ФИФА рейтингісіндегі 142-орнын сақтап қалды

Қазақстан ФИФА рейтингісіндегі 142-орнын сақтап қалды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңарған ФИФА рейтингісіндегі 142-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ұлттық құрама Молдованы 3:1 есебімен тізе бүктіргенінің арқасында 16 ұпайға ие болып, қорытындысында 216 ұпай жинай алды. Ал Молдова болса, осы жеңілістің салдарынан тоғыз сатыға төмен сырғып, 137-орынды иеленді. 

Әлемдік рейтингтегі көшбасшы өзгерген жоқ. Топ басында сол баяғы Испания. Екінші және үшінші орындарға сәйкесінше Германия мен Аргентина жайғасқан. Солтүстіктегі көршіміз Ресей бір саты төмендеп, 10-орынды иеленді. 

ФИФА рейтингі. 14 ақпан: 

1 (1*). Испания - 1590 ұпай
2 (2). Германия - 1437
3 (3). Аргентина - 1281
4 (6). Англия - 1160
5 (4). Италия - 1157
6 (5). Колумбия - 1129
6 (7). Португалия - 1129
8 (8). Голландия - 1108
9 (10). Хорватия - 1059
10 (9). Ресей - 1055
...
21 (19). Швеция - 863
39 (41). Ирландия - 634
76 (68). Аустрия - 470 
142 (142). Қазақстан - 216
155 (153). Фарер аралдары - 151 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kff.kz

Б. Қосмағамбет