Рафаэль: "Әлемдегі ең үздік ойыншыны тоқтатуға тырысамын"

Рафаэль: "Әлемдегі ең үздік ойыншыны тоқтатуға тырысамын"

"Манчестер Юнайтед" қорғаушысы Рафаэль Да Сильва мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштинау Роналдуды сәрсенбі күні Чемпиондар Лигасы аясында өтетін кездесуде қолдан келгенше тоқтатуға тырысатынын мәлімдеді. 

Сәрсенбі күні кешкісін ағымдағы маусымда 35 кездесуде 36 голдың авторы атанған Роналду өзінің бұрынғы командасына қарсы ойнайды. 22 жастағы Рафаэль Роналдудың ойынына сүйсінетінін және де бұрынғы клубтасынан бәрін күтуге болатынын да жасырмады. 

"Менің ойымша, Роналду - әлемдегі ең үздік ойыншы. Оның ойыны маған өте қатты ұнайды. Ол - нөмір бірінші. Оның неге қабілетті екенін білемін, себебі онымен көп уақыт жаттығып, бірге ойнадық. Сондықтан "ол жақсы ойыншы, бірақ мен одан нені күтуге болатынын білмеймін" дейтіндей қарсылас емес. Тап осы жағдайда мен одан нені тосуға болатынын білемін", - дейді Рафаэль The Sun-ға берген сұхбатында. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: amnhin.net

Ж. FM