Ван Перси "Реалға" қарсы ойынды асыға күтуде

Ван Перси "Реалға" қарсы ойынды асыға күтуде

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Робин Ван Перси Чемпиондар лигасының 1/8 финал аясында мадридтік «Реалмен» өтетін кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бір аптадан соң, яғни 13 ақпан күні «Реал» мен «Юнайтед» командалары өздерінің бірінші кездесулерін «Сантьго Бернабеуде» өткізеді. Қызықты тартысты асыға күтіп жүрген жанкүйерлердің ішінде Ван Перси де бар.

«Мадридке» қарсы ойын – әрбір футболшы үшін кездесулердің қаймағы. Бернабеуде өтетін кездесу мен үшін бірінші болмақ. Бұл ойын бізге үлкен сынақ болмақ. «Манчестер Юнайтед» - үлкен клуб және «Реалмен» ойнау былай тұрсын, 1/8 финалында өнер көрсету үлкен жетістік», - дейді Ван Перси Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vesti.kz

Ж. FM