Еуропа Лигасының финалистері Чемпиондар Лигасына жолдама алады

Еуропа Лигасының финалистері Чемпиондар Лигасына жолдама алады

Қартамыстың көшбасшы клубтары Еуропа Лигасының ақтық сынында өнер көрсеткен екі команданы да Чемпиондар Лигасына жолдама беру жөнінде УЕФА-ға өтініш білдірді.

Осындай бастаманы құрамына Кәрі құрлықтың 207 клубы кіретін Еуропа клубтарының ассоциациясы (ECA) қолға алып отыр. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама беруді ECA-ның 61 пайыз мүшесі бірден қолдаған.

The Guardian-ның мәлімдеуінше, УЕФА-ның жаңа өзгерістерді бірден Еурокубоктардың жұмыс тәртібіне енгізуге құқығы жоқ. Алайда, Мишель Платини аталған бастаманың жақсы екенін айтып, 2015 жылдан бастап іске асуының әбден мүмкін екендігіне сөз берді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: gazeta.ru

Ж. FM