Роналдиньо: "МЮ" мені сатып алмағанына өкінуі керек

Роналдиньо: "МЮ" мені сатып алмағанына өкінуі керек

Сәрсенбі күні «Уэмбли» стадионында ағылшындарға қарсы ойнайтын 32 жастағы жартылай қорғаушы Роналдиньо «Манчестер Юнайтедтің» бірнеше жыл бұрын өзімен келісім-шартқа отыру мүмкіндігін жіберіп алғаны үшін өкіну керектігін мәлімдеді.

ФИФА ұйғарымы бойынша екі рет Жыл ойыншысы атанған Роналдиньо Еуропалық футболдағы мансабын ПСЖ-дан бастаған болатын. Дәл сол кезде «МЮ» жас та талантты футболшыға қызығушылығын білдірген еді.

Алайда, "Барселона" "Юнайтедке" қарағанда асқан ептілік көрсетіп, Роналдиньоны "Ноу Камптың" қарамағына аударды. Ол жақта бразилиялық ойыншы екі рет ел біріншілігін иеленді. Ал 2006 жылғы Чемпиондар лигасының ақтық сынында «Арсеналды» 2:1 есебімен жеңген болатын.

Роналдиньоның айтуынша, егер ол сол кезде «Олд Траффордқа» ауысқан болса, «Юнайтед» бұдан да көп жүлде иеленер еді.

«Егер «Манчестер Юнайтед» менімен келісім-шартқа отырғанда Чемпиондар лигасында көбірек жеңіс болар еді. Мен әлемдегі ең мықты командаларда ойнап үлгердім және барлығын жеңдім», - дейді Роналдиньо Sambafoo-ке берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: altaspulsaciones.com

Ж. FM