Дэвид Бекхэм «ПСЖ» клубымен келісім-шартқа отырды

Дэвид Бекхэм «ПСЖ» клубымен келісім-шартқа отырды

Англия құрамасының экс-капитаны Дэвид Бекхэм «ПСЖ» командасының ойыншысы атанды.

Енді париждік команданың сапында 37 жасар футболшы осы маусымның соңына дейін өнер көрсететін болады.

Бекхэмнің соңғы командасы “Лос-Анджелес Гэлекси” болған. Ол командамен Дэвидтің келсім-шарты 2012 жылдың желтоқсанында бітті. “Лос-Анджелес Гэлекси” сапында футболшы АҚШ-тың MLS біріншілігін екі рет жеңіп алған. Ал өткен аптадан бастап Дэвид лондондық «Арсенал» сапында өзінің физикалық күшін қалпына келтіру үшін біршама уақыт жаттыққан болатын. Кеше ресми түрде ағылшындық ойыншы «ПСЖ» командасына ауысты. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН