Футболда көк қағаз көрсетілетін болады

Футболда көк қағаз көрсетілетін болады

Грецияның әуесқой командаларының ойыны кезінде қызық жағдай болды.

Бұрыштама доп берілген сәтте гол соғып, артынан тойлауға асыққан командаға стадионның барлық жанкүйерлері қарсы шығып, наразылығын білдіреді. Голды соққан Георге Калдис бұдан кейін голды қолымен соққанын айтып, мойындайды. Ал төреші оның сөзінен кейін бірден голды санамайтынын айтып, ойыншыға көк қағаз көрсетеді.

Анықталғандай, бұл елде футбол барысында көрсетілген көк қағаз фэйр-плей (әділ ойын) жағдайында көрсетіледі екен.

Футбол ассоциацияларының халықаралық федерациясы жақын маңда көк қағазды футболға енгізбек ниетті екен. Бірақ бұл жағдайда төреші ойыншыны белгілі бір уақытқа ғана шығарып жібере алатын болады. Дәл осындай жүйе білетініміздей, хоккей ойынында да бар. Айыпты ойыншы 5 минутқа алаңнан шығуы керек болады.

Мамандардың пікірінше, көк қағаз сары мен қызылдың ортасындағы ең қолайлы жазалау түрі болып отыр. Себебі кей жағдайда сары қағаз тым жеңіл жаза болса, ал кейде қызыл қағаз тым асыра жазалау болып саналып жүр екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lenta-ua.net

А. Құлтай