Кака "Анжиге" ауысуы мүмкін

Кака "Анжиге" ауысуы мүмкін

Испаниялық AS басылымы Бразилия құрамасы мен "Реал" футболшысы Кака жақын арада Ресейдің "Анжи" клубына ауысуы мүмкін дегенді айтады.  

Трансферлік маусымның басында Италияның "Милан" клубы Каканы өз қатарынан көргісі келгені белгілі. Алайды ол кезде мадридтік клубпен болған келісім "Милан" үшін сәтсіз аяқталған еді. Бұдан бөлек, кейбір батыстық басылымдар Какаға жақында голландиялық Уэсли Снейдерді сатып алған түріктің "Галатасарайы" құда түсіп қойды дегенді айтты.  

Сонымен бірге, испандық басылым жақында Мадридке "Анжидің" спорттық директоры Роберто Карлостың келгенін жазған. "Карлос осы сапары кезінде клубпен Какаға байланысты келісім орнатқан болуы мүмкін",-дейді AS.

Ал осыған дейін, ресейлік кейбір басылымдар "махачкалалық клуб Какаға қызығушылық танытып отыр" деп жазған еді. Не десекте, оқиғаның қалай өрбитіні алдағы аптада белгілі болып қалар.     

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sovsport.ru

Б. Қосмағамбет