Англия кубогының 5 раундының қарсыластары анықталды

Англия кубогының 5 раундының қарсыластары анықталды

Жексенбі күні кешке Англия кубогының 5 раундының (1/8 финал) жеребесі тасталды. Нәтижесінде аталған жарыстың  фавориттері саналатын командалар бір-бірімен кездесуден аман қалды.

Англия Кубогын иеленуге басты үміткер саналатын сегіз жұптың барлығында дерлік өз фавориті бар. Мәселен, «Арсенал», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед» командалары өз алаңдарында «Блэкберн», «Лидса», «Рединг» клубтарына қарсы ойнайтын болады. Ал өз алаңында «Брентфордпен» кездесетін «Челси» жеңіске қол жеткізсе, Англия Кубогының 5 кезеңінде «Мидлсброға» қарсы тұрады.

Өз кезегінде «Эвертон» командасының қарсыласы - жексенбілік ойында мерсисайдтық «Ливерпульді» 3:2 есебімен жеңген «Олдхэм» болып саналса, «Уиган» клубы «Хаддерсфилл» немесе «Лестер» клубтарының бірімен бақ сынасатын болады.

Англия Кубогының 1/8 финалының жеребесі:

Хаддерсфилд / Лестер - Уиган
МК Донс - Барнсли
Олдхэм - Эвертон
Лутон - Миллуолл
Арсенал - Блэкберн
Манчестер Сити - Лидс
Манчестер Юнайтед - Рединг
Мидлсбро - Брентфорд / Челси

Айта кетсек, Англия Кубогының 1/8 финалы 15-16 ақпан күндері өтеді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru

Ж. FM