"Реал" - әлемдегі ең табысты клуб

"Реал" - әлемдегі ең табысты клуб

Мадридтік "Реал" клубы осымен сегізінші жыл қатарынан әлемдегі ең табысты клуб атанып отыр. 

"Реал" осылайша, кезінде сегіз жыл қатарынан ең табысты ұжым атанған "Манчестер Юнайтедтің" жетістігін қайталап отыр. Сонымен қатар, "Реал" кез келген спорттық клубтар арасынан 500 миллион еуролық межені бағындырған жалғыз ұжым боп отыр. 

Екінші және үшінші орындарға сәйкесінше каталониялық "Барселона" (483.0 млн еуро) және "Манчестер Юнайтед" (395.9 млн еуро) жайғасқан. 

2011/12 жылғы футбол маусымындағы ең табысты 20 клубтың жалпы табысы 4,8 миллиард еуро болып отыр. Бұл көрсеткіш 1996/97 жылғы маусыммен салыстырғанда, төрт есе көп екен. Биылғы жылы да, осымен 5 жыл қатарынан ең табысты 6 клубтың орындары өзгеріссіз қалды.

Сонымен назарларыңызға әлемдегі ең табысты 10 клубтың тізімін ұсынамыз: 

1. "Реал" – 512.6 млн еуро

2. "Барселона" – 483.0 млн

3. "Манчестер Юнайтед" – 395.9 млн

4. "Бавария" – 368.4 млн

5. "Челси" – 322.6 млн

6. "Арсенал" – 290.3 млн

7. "Манчестер Сити" – 285.6 млн

8. "Милан" – 256.9 млн

9. "Ливерпуль" – 233.2 млн

10. "Ювентус" – 195.4 млн

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: real-madrid-fun-club.blogspot.com

Б. Қосмағамбет