Карлес Пуйоль "Барселонада" 2016 жылға дейін ойнайды

Карлес Пуйоль "Барселонада" 2016 жылға дейін ойнайды

Каталониялық "Барселона" клубының капитаны Карлес Пуйоль клубпен жаңа келісім-шартқа отырды. Ол бойынша, капитан клубта 2016 жылға дейін ойнамақ, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Келісім-шарт жасаларда, Пуйольдан бөлек, клуб президенті Сандро Росель мен спорт директоры Андони Субисаретта болды. Келісімнің толық мазмұны құпия сақталып отыр. Жалпы клуб пен Пуйоль арасындағы келісім 2013 жылдың маусымына дейін қарастырылған.   

Карлес Пуйоль "Барселона" сапында 1999 жылдан бері ойнайды. Ол осы аралықта клуб үшін 523 рет алаңға шығып, 17 гол соға алған. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: eurosport.ru

 

Б. Қосмағамбет