Вальдес "Барселонадан" кетпек

Вальдес "Барселонадан" кетпек

"Барселонаның" қақпашысы Виктор Вальдес каталондық клубпен келісімді ұзартпауға бел буыпты.

Қазіргі таңда БАҚ өкілдері 31 жастағы қақпашының келісім біткен бойда "Барселонадан" кететінін жарыса жазып жатыр. Мұның ақиқаты клуб басшылығы мен ойыншының агенті кездескен жиында белгілі болған. Енді Виктор Вальдес 2014 жылдың 30 маусымына дейін келісімнің тәмәм болуын күтпек.

Жыл басында қақпашы көп нәрсеге өзгеріс енгізгісі келетінін айтқан еді. Өз кезегінде өзге елдің қақпасын күзетіп, өзге елдің салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын меңгергісі келеді екен.

Осы маусымда Вальдес ішкі біріншілікте 19 ойын өткізіп келді. Алда Чемпиондар Лигасында өткізетін бес ойын мен ел суперкубогіндегі екі ойын қалды.

"Барселона" қақпасын күзеткен Вальдес ел біріншілігін бес рет, король Кубогін екі рет, Испания суперкубогін бес мәрте жеңіп алған. Оған қоса Чемпиондар Лигасының үш дүркін жеңімпазы, клубтық чемпионат пен Еуропа суперкубогінің екі дүркін иегері болып табылады. Және ұлттық құрамада Еуропа мен әлем чемпионы деген атағы тағы бар. 

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига