Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Қазақстан футболшыларының құны қанша?

Қазақстан футболшыларының құны қанша?

Қазақстан футболшыларының құны қанша?

Қай футболшының болмасын шеберлік деңгейін оның трансферлік бағасына қарап анықтауға болады. Әлемдік футболда бұл тәжірибе бірнеше онжылдықтан бері ешқандай да күмән тудырып жатқан жоқ. Тек ойыншының шеберлігі қаншалықты жоғары болса, оның трансферлік нарықтағы бағасы да қымбатырақ болады. Жуырда немістің transfermarkt.de интернет басылымы Қазақстан жерінде өнер көрсетіп жатқан футболшылардың футбол нарығындағы бағалары қанша тұратынын анықтаған екен. Назарларыңызға сол порталдың нұсқасы бойынша Қазақстан біріншілігіндегі ең қымбат деген ойыншылардың трансферлік бағаларын ұсынамыз:

Қымбат қақпашылар

Қазақстан біріншілігінде бәсі биік қақпашылардың көбейіп келе жатқаны айқын. Оның ішінде Қазақстан азаматтығына ие бағана күзетшілері де бар. Олар - Вячеслав Котляр, Андрей Сидельников, Давид Лория, Александр Петухов. Алдыңғы қақпашыны transfermarkt.de 200 мың еуроға бағалапты. Тура сондай бағаға “Қайсар” сапында өткен маусымды өткізген Неманья Джоджо да лайықты болған. Өткен маусымды керекулік “Ертістің” сапында бастап, маусым ортасында Түркияға көшкен Давид Лорияға неміс басылымы 250 мың еуро деген баға беріпті. Ал еліміздегі ең қымбат қақпашы болып Ненад Эрич және Александр Петухов тіркеліпті. Олардың трансферлік нарықтағы бағасы 300 мың еуроға тең келеді.  

Жарты миллиондық қорғаушылар 

Егер transfermarkt.de басылымна сенетін болсақ, онда былтырғы маусымда біздің біріншілікте трансферлік құны 400 мың еуро құрайтын 4 бірдей қорғаушы ойнаған екен. Қымбат қорғаушылар деп басылым “Астана” қорғаушысы Михаил Рожков, “Шахтер” қорғаушысы Андрей Порываев және де “Атырау” қорғаушысы Джордже Туторичтарды көрсеткен. Ал ел біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан ең қымбат қорғаушы деп басылым “Ақжайық” қорғаушысы Милош Брезинскиді таңдапты. Оның трансферлік нарықтағы бағасы - жарты миллион еуро.  

Жоғары бағалы жартылай қорғаушылар

Өткен маусымның ең қымбат жартылай қорғаушы атағы хорват Игор Юговичке бұйырыпты. Оның бағасы - 550 мың еуро. Дегенмен бұл ойыншыны футболсүйер қауым ұмытып та кеткен шығар. Югович өткен маусымда “Ертіс” сапында бар болғаны екі кездесуде ғана алаңғы шыққан. Сосын өзінің туған жері Хорватияға қайта кеткен. Бүгінде ол Отанында өнер көрсетіп жатыр. Қымбат жартылай қорғаушылар тізімінде Жамбыл Көкеев, Ненад Шливич, Тимур Кападзе, Дамир Кояшевич, Эмиль Дикэ, Милош Адамович сынды ойыншылардың да есімдері бар. Бұл ойыншылардың трансферлік құны 500-550 мың еуроның көлемінде.  

Біздің біріншілікте ең қымбат ойыншы - шабуылшылар

Сөзсіз, былтырғы маусымда біздің біріншілікте бірнеше жоғары деңгейдегі шабуылшылар өнер көрсетті. Олардың қатарында сербиялық Брана Илич, өзбекстандық Ұлықбек Бақаев, Александр Гейнрихтер бар. Бұл үш шабуылшыны  transfermarkt.de басылымы 800 мың еуроға бағалапты. Бұл тізімде Қазақстан азаматтығы бар жалғыз шабуылшы бар. Ол – Таңат Нөсербаев. Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Астана” командасының шабуылшысының трансферлік құны 750 мың еуроға тең келеді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sports.kz

2401 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 17 қаңтар 2013, 12:56
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2013, 13:29

Еуропадагы ең томен корсеткіштер гой

+0
17 қаңтар 2013, 14:26

Тым қымбат екен, бағаларына сай товар емес :roll:

+0
17 қаңтар 2013, 23:23

футбол секциясына жазылуға кеттім!

+0
18 қаңтар 2013, 17:16

нәрмәлни екен ғой ия)

+0
31 қаңтар 2013, 01:58

казахтар аз екен килин орыс кой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...