Пеп Гвардиола "Баварияны" жаттықтыратын болды

Пеп Гвардиола "Баварияны" жаттықтыратын болды

"Барселонаның" экс-жаттықтырушысы Пеп Гвардиола 2013/2014 жылғы футбол маусымында "Бавария" клубын жаттықтыратын болды. Бұл жөнінде клубтың ресми сайты хабарлады. Біз сіздерге осыған дейін оның осы клубқа ауысуы мүмкін екендігін айтқан болатынбыз. 

Гвардиола мен мюнхендік клуб арасындағы келісім-шарт мерзімі 2016 жылдың 30 шілдесіне дейін жалғасатын көрінеді. "Баварияның" қазіргі бапкері Юпп Хайнкес болса, осы маусым аяқталысымен бапкерлік мансабын аяқтамақ екен. 

Естеріңізге сала кетсек, испандық маман "Барселона" сапында төрт жыл қызмет атқарып, клубпен бірге Испанияның үш дүркін чемпионы атанып, ел кубогын, чемпиондар Лигасы және клубтар арасындағы әлем біріншілігін екі мәрте ұтып алды.  

Осыдан біраз уақыт бұрын БАҚ-да Гвардиола ағылшын премьер-лигасына ауысады деген әңгіме аз айтылған жоқ. Көпшілік оны "Челси" және Манчестердің қос клубы қатарынан орын алады деп пішкен еді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: dynamo.kiev.ua

Б. Қосмағамбет