Дэвид Бекхэм "Миланға" қайтып оралуы мүмкін

Дэвид Бекхэм "Миланға" қайтып оралуы мүмкін

"Манчестер Юнайтед" пен "Реалдың" экс-ойыншысы Дэвид Бекхэм өзіне жаңа клуб іздейді. Ол соңғы рет АҚШ-тың "Лос-Анджелес Гэлакси" клубында ойнаған еді. Бекхэм бұл клуб қатарында MLS кубыгын ұтып алды. 

Қазірдің өзінде оған бірнеше елден ұсыныстар кеп түсіп жатқан көрінеді. Оның ішінде Италияның "Милан" клубы да бар. 37 жасар ағылшын футболшысы бұл клуб сапында 2009-2010 жылдары өнер көрсеткен еді. Ол онда 29 ойынға қатысып, 2 гол соға алған. 

"Милан" басшылығы Бекхэмге арнайы ұсынысын жолдады. Келіссөздің қалай аяқталатыны жақын күндері белгілі болмақ. Ал букмекерлік мекемелер оның "Милан" сапына ауысу мүмкіндігіне орай, қазірдің өзінде бәс қабылдап жатыр екен.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: colorface.ru

Б. Қосмағамбет