Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Маруан Феллайни «Челси» жейдесін киеді

Лондондық «Челси» командасы «Эвертон» клубының жартылай қорғаушысы Маруан Феллайниді өз қатарларына қосу туралы келісімге келді.

Француздық L’Equipe басылымының айтуынша, 25 жасар бельгиялық ойыншы үшін «ақсүйектер» 27 миллион еуроға шығыдалуға дайын. Ал жеке ойыншы мен команда арасындағы шартнама бес жылға лайықталған. Футболшының айлығы Лондонда 5 миллион еуро болатынын да жазады басылым.

Айта кетсек, Феллайни «Эвертон» сапында Льеждік «Стандарт» командасынан 2008 жылы ауысып келген болатын. Ол осы уақытқа дейін ағылшын біріншілігінде 155 кездесуге қатысып, 29 голдың авторы атанған.

«Челси» сапында бельгиялық ойыншы осы жазда келісім-шарты бітетін Фрэнк Лэмпардтың орнын басады деп жоспарлануда.

Нури Шахин «Боруссияға» қайта оралады

Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Нури Шахин қысқы трансферлік үзілісте өзінің туған командасы дортмундтық «Боруссияға» қайта оралады.

Bild  басылымының хабарлауынша, дортмундтықтар өзінің бұрынғы ойыншысын қайта қатарға қосып алуы мүмкін. Ол үшін команда Иван Перишичтің «Вольфсбургқа» сатылған ақшасын жұмсайды екен. Команданың бас бапкері Юрген Клоптың айтуынша, Шахин командаға келгенімен, оған бірден негізгі құрамнан орын табылмайды. Ол алаңға жиі шығу үшін команда капитаны Себьастьян Кел, Свен Бендер, Илкай Гюндоган және Мориц Ляйтнер секілді ойыншылармен таласатын болады.

Шахиннің қазірде мадридтік «Реал» командасымен 2017 жылға дейінгі келісім-шарты бар. Егер «Боруссия» бұл ойыншы өз қатарларына қосықысы келсе, испандық командаға кем дегенде 15 миллион еуро беру керек.

Кака мен Рональдиньо Ұлттық құрамаға қайта шақыртылды

Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері Луис Фелипе Сколари Кака мен Роналдиньоны Ұлттық құрамада қайта ойнатқысы келетінін айтты.

«Футболшының қай чемпионатта жүргеніне қарамаймын, мейлі Еуропада немесе Бразилияда ойнасын. Ең бастысы командаға пайдасын әкелсе болды. Роналдиньо мен Кака секілді шеберлерге Ұлттық құрама есігі әрдайым ашық», – дейді Сколари.

Айта кетейік, Әлемнің бес дүркін чемпиондарының жаттықтырушысы қос жұлдызды 2013 жылғы Конфедерация Кубогында сынап көрмек.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: eurosport.ru 

12385 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 10 қаңтар 2013, 12:12
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2013, 12:27

Лэмпардқа обал болды ше! Бірақ, Феллайни да осал ойыншы емес

+0
10 қаңтар 2013, 13:09

ыыы жыным келеді

+0
10 қаңтар 2013, 15:11

Феллайни менен аумайд :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
10 қаңтар 2013, 15:16

Роналдиниомен Кака Ушін КуанышТымын,БиылГа еСтіГен жаНаЛықтарымНын Алды боЛды,Роналдинио Менін ең сүйікті ойыншым,Мен Ушін Одан Асқан мықТы ойыншы жоҚ керек ДесеніЗ МеСсидің өЗі жеТе алмайды оҒан.

+0
13 қаңтар 2013, 04:25

Роналдинио мен Кака деген жаксы ойынгылар гой кеше солар ойнаган жокет утылып калды гой Бразилиян

+0
18 қаңтар 2013, 16:38

Шахин саган не болган жаным ау? не ары не бери болып :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...