Буффон ХХІ ғасырдың үздік қақпашысы атанды

Буффон ХХІ ғасырдың үздік қақпашысы атанды

Футболдан Италия құрамасы мен «Ювентус» командасының бағана күзетшісі Джанлуиджи Буффон Халықаралық футбол федерациясы мен статистикасының (IFFHS) нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік қақпашысы ретінде таңдалды.

IFFHS-тің сауалнамасы бойынша Буффон 218 дауыс жинаған.

Ал екінші орын алған Испания құрамасы мен мадридтік «Реалдың» қақпашысы Икер Касильяс бар болғаны итальяндық қақпашыдан бір ғана дауысқа қалып, 217 ұпай жинаған.

Үшінші орын лондондық «Челси» мен Чехия құрамасының қақпашысы Петр Чехқа бұйырды. Ол 172 дауыс жинаған.

ХХІ ғасырдың үздік қақпашылар тізімі:

1. Джанлуиджи Буффон (Италия) - 218  дауыс;

2. Икер Касильяс (Испания) - 217

3. Петр Чех (Чехия) - 172;

4. Эдвин ван дер Сар (Голландия) - 116;

5. Оливер Кан (Германия) - 99

6. Виктор Вальдес (Испания) - 97

7. Дида (Бразилия) - 90

8. Жулио Сезар (Бразилия) - 76

9. Йенс Леманн (Германия) - 72

10. Роберто Аббондансьери (Аргентина) - 68.


 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН