Дэниел Старридж «Ливерпуль» командасына ауысты

Дэниел Старридж  «Ливерпуль» командасына ауысты

«Ливерпуль» Англия құрамасы мен «Челси» командасының 23-жасар шабуылшысы Дэниел Старриджбен келісім-шарт жасасты.

Ойыншы «Ливерпуль» сапында қанша уақыт ойнайтыны әлі де белгісіз. Дегенмен екі жақтың айтуынша, шартнама ұзақ мерзімге жасалған секілді.

«Жаңа команданың қатарына қосылғаныма дән ризамын. Команданың бас бапкері Брендан Роджерс маған үлкен үміт артатынын айтты. Мен мұнда ұзақ уақытқа қалу үшін келдім. «Ливерпуль» әлемдегі тарихы ең бай клубтардың бірі. Жанкүйерлері мен ойыншылары да жақсы. Сондықтан да мен мұнда қолымнан келгеннің барлығын жасап, командамен көптеген жеңіске жетемін», - дейді Дэниел Старридж.  

Айта кетсек, бүгінгі таңда «Ливерпуль» ағылшын біріншілігінің сегізінші сатысында орналасқан. Дэниел Старридж мерсисайдтықтардың қысқы маусым аралық үзілісте қатарға қосылған алғашқы ойыншы.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН