"Роналдо мен Зидан достарының" матчы өтті (Видео)

"Роналдо мен Зидан достарының" матчы өтті (Видео)

Жақында "Роналдо мен Зидан достары" аталған достастық матчы болып өтті.

Ондағы Роналдо командасының құрамына Дида, Кафу, Роберто Карлос, Джалминьо, Зико, Неймар, Бебето, Ромарио және тағы да басқа футбол тарихының аңызға айналған ойыншылары кірді. Ал Зинедин Зидан командаға Виктора Байю, Фернандо Йерро, Хуана Пабло Сорина, Хидетоши Накату, Деку, Хуана Романа Рикельме, Фредди Юнгберга, Педру Паулету, Марио Жардела сияқты ойыншыларды шақырған. 

Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан қайырымдылық матчынан түскен барлық қаржы Африкадағы кедейшілікпен күреске жұмсалмақ. Жалпы ойын 3:2 есебімен Роналдо достарының жеңісімен аяқталды. Бір допты Зидан еншісіне жазды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет