"Челси" Вильяны сатып алуы мүмкін

"Челси" Вильяны сатып алуы мүмкін

Испания құрамасы мен "Барселона" командасының шабуылшысы Давид Вильяны "Челси" клубы қаңтар айындағы ауысымда бар күшті салып, сатып алатын сыңайлы. Бұл туралы ағылшын баспасөздері ақпарат таратып жатыр.

"The Mirror" басылымы "ақсүйектердің" қыстық ауысымда көп гол соғып, нәтижелі ойын көрсететін Вильяға "Барселона" сұрап отырған 15 миллион евроны төлеп, сатып алуға дайын екенін хабарлаған.

Өз кезегінде "Daily Mail" басылымы де Испанияның ең үздік спортшысына деген лондондықтардың ықылас-пейілін жоққа шығармайды. Алайда, "көктердің" бас бапкері болып отырған Рафаэль Бенитес өз жерлесін арендаға жалдап алғысы келеді деп отыр.

сурет:futbolec.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига