Футболдағы жаңалық

Футболдағы жаңалық

Бүгін "Реал"командасының жартылай қорғаушысы Каканың отбасы құрғанына 7 жыл толыпты. Және үй-ішімен тойлап жатқан көрінеді.

"Мейірімді де ақылды, досым әрі жұбайыммен бас қосқаныма 7 жылдың жүзі болып қалыпты. Екі баламның анасына алғыс айтқым келеді" деп Кака мәлімдеме жасап отыр.

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Флоран Малуда жақын күндері "Сантос" командасымен келісім-шартқа отыруға дайын екен. Бұл туралы O Globo хабарлап отыр.

Таяу күндері "Сантос" басшылығы Лондонға арнайы ат басын бұрмақ. Бүгінгі таңда француз ойыншысы 2 миллион фунт стерлингке бағаланып отырған сыңайлы.

 

сурет: chelseablues.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига