Марадона Ирактың тізгінін қолына алды

Марадона Ирактың тізгінін қолына алды

Аргентина құрамасының бұрынғы бас бапкері және қазіргі таңда БАӘ-нің "Аль-Васл" командасының жаттықтырушысы болып табылатын Диего Марадона Ирактың ұлттық құрамасын жаттықтыруға деген аталған елдің федерация өкілдері ұсынған талап-тілекті қабыл алды.

Енді тек жақын арада қаржы мәселесін оңтайлы шешіп алса болды екен.

Ирактың ұлттық құрамасын Бразилияда өтетін әлем чемпионатына алып баратын болса, онда Диего Марадона өз жетістігін екінші мәрте қайталауға мүмкіндік алады. Ең алғаш рет Аргентина құрамасын құрлықтың ең басты додасына бастап бара алған-ды.

Диего Марадонаның алдында тұрған мақсатты маусым айында орындайтын болады. Дәл сол уақытта іріктеу кезеңінде Ирактың ұлттық құрамасы Оман, Жапония, Аустралия секілді мемлекеттермен бір қатарда жолдамаға таласпақ. Топтың көшбасшысы қазірдің өзінде белгілі. Ол - Жапония құрамасы. Ал екінші орын мен жолдамаға Аустралия мен Ирактың қай ұтқаны иелік ете алады.

сурет:olymps.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига