«Арсенал» командасы бес ойыншысымен келісімшартын ұзартты

«Арсенал» командасы бес ойыншысымен келісімшартын ұзартты

Лондондық «Арсенал» командасының жетекшілері клубтың негізгі құрамында ойнайтын бес футболшымен жаңа келісімшарт жасасқанын айтты.

Команданың ресми сайтындағы хабарламаға қарағанда, клубпен келім-шартын Аарон Рэмзи, Киран Гиббс, Джек Уилшер, Карл Даниэль Дженкинсон және Алекс Осклейд-Чемберлен ұзартқан екен. Дегенмен ойыншылардың клубпен қанша уақытқа шартнама жасасқандары әлі де белгісіз.

«Мен бұл футболшылармен жаңа келісімшарт жасасқаныма өте қуаныштымын. Біздің команданың тек жас ойыншыларға үміт артатыны ешкімге де құпия емес. Бұл футболшылардың командаға тигізер пайдасы зор екеніне күмәнім жоқ», - дейді «Арсенал» командасының бас бапкері Арсен Венгер.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН