Қазақстан ФИФА рейтингісінде 142-орынға тұрақтады

Қазақстан ФИФА рейтингісінде 142-орынға тұрақтады

Қазақстан құрамасы ФИФА жаңартылған рейтингісінде 142-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бұл 2012 жылғы соңғы рейтинг екенін айта кетейік. 

Бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, еліміздің ұлттық құрамасы Гамбия, Гренада және Таиландты алға жіберіп, тек Никарагуаны басып озды.  

Рейтинг көшбасшысы Еуропа және әлем чемпионы Испания құрамасы. Екінші және үшінші орынға немістер мен аргентиналықтар жайғасты.

Сонымен ФИФА жасаған кестеге назар аударайық:

ФИФА рейтингісі. 19 желтоқсан 2012:
1. Испания - 1606 ұпай;
2. Германия - 1437;
3. Аргентина - 1290;
4. Италия - 1165;
5. Колумбия - 1164;
6. Англия - 1151;
7. Португалия - 1144;
8. Голландия - 1124;
9. Ресей - 1070;

 ...

 

20. Швеция - 870;
42. Ирландия - 609;
70. Аустрия - 492;
142. Қазақстан - 200;
153. Фарерские острова - 151.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kff.kz

Б. Қосмағамбет