2018 жылғы Әлем чемпионатының финалы «Лужники» стадионында өтеді

2018 жылғы Әлем чемпионатының финалы «Лужники» стадионында өтеді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2018 жылғы Әлем біріншілігінің финалдық кездесуі Мәскеудің «Лужники» стадионында өтеді деп бекітті.

Бұл туралы шешім 14 желтоқсан күні Жапонияның астанасы Токио қаласында ФИФА-ның кезекті отырысында қабылданды. Сонымен қатар «Лужники» алаңында 2018 жылғы әлем мундиалының ашылу салтанаты мен бір жартылайфиналдық кездесу өтеді.

Жиналыс барысында 8 шілде мен 8 маусым аралығындағы әлем біріншілігін қабылдайтын Ресейдің 11 қаласын да таңдады. Олар – Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Саранск, Ростов-на-Дону, Сочи, Қазан, Калининград, Волгоград, Төменгі Новгород және Екатеринбург.

Сондай-ақ Токио жиналысында 2017 жылғы Конфедерация Кубогі өтетін қалалар бекітілді. Олардың қатарында Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи, Қазан қалалары бар. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН