Англияның үздік футболшысы атағына үміткерлер анықталды

Англияның үздік футболшысы атағына үміткерлер анықталды

Англия Футбол Ассоциациясы 2012 жылғы елдің үздік футболшысы атануға үміткер футболшылардың тізімін жариялады.

Қауымдастықтың жариялаған тізімінде «Манчестер Сити» командасының қақпашысы Джо Харт, «Ливерпуль» командасының қорғаушысы Глен Джонсон, «Челси» клубының қорғаушысы Эшли Коул, «Ливерпуль» мен ұлттық құраманың капитаны Стивен Джеррард және де «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Дэнни Уэльбек бар.

Бұл бес футболшыдан тұратын тізімді Англия футбол федерациясы жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы шығарды. Сондай-ақ, енді осы бес ойыншының ішінен үздікті жанкүйерлер тағы да дауыс беру арқылы анықтайтын болады.

Айта кетейік, 2012 жылы Англия құрамасы өткізген 12 кездесуінде 47 ойыншыны тізімге тіркеген. Жеңімпаздың есімі 3 ақпан күні анықталатын болады. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sport-xl.net

Ю. НИКУЛЛИН