Лионель Месси: "Алтын допты" Иньестаға беру керек"

Лионель Месси: "Алтын допты" Иньестаға беру керек"

"Барселона" командасының шабуылшысы Лионель Месси Герд Мюллердің рекордын бұзған бетте іле "Алтын допты" өзінің әріптесі Андрес Иньестаға беру керектігін айтты. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

"Мен еш ойланбастан "Алтын допты" Иньестаға берер едім. Ол бұл сыйлықты келіскен бабы мен команданың игілігі үшін ат салысып жүрген жақсылығы үшін алуға тиіс. Иә, Мюллердің рекордын бұзғаным қандай жақсы болды. Бірақ, біздерге ең бастысы - бәсекелес командалардан көш бойы ұзап кету", - деп аргентиналық сұрмерген ағынан жарылған көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, Испания чемпионатының 15-турында Лионель Месси "Бетис" қақпасынан екі мәрте саңылау тауып, нәтижесінде бір жылда соғылған голдардың саны жөнінен неміс Герд Мюллердің рекордын жаңартқан еді.

сурет:barcelonaclubnews.blogspot.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига