Ұлықбек Бақаев премьер-лиганың үздік легионері атанды

Ұлықбек Бақаев премьер-лиганың үздік легионері атанды

"Ертіс" футбол клубы мен Өзбекстан ұлттық құрамасының футболшысы Ұлықбек Бақаев Қазақстан премьер-лигасының үздік легионері атанды, деп хабарлайды Қазақстанның футбол Федерациясы. 

ҚФФ аталған жүлде иегерін премьер-лига клубтарының бас бапкерлері арасында өткен дауыс беру нәтижесінде анықтады. Осылайша көпшілік дауыспен жеңімпаз болып "Ертіс" футбол клубының ойыншысы Ұлықбек Бақаев танылды.

Сондай-ақ, 34 жасар шабуылшы премьер-лиганың да үздік бомбардирі атанды.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет