Бізге жеткен соңғы ақпараттарға сенетін болсақ, Семей қаласының қаржы полициясы қарызын төлемегендігі үшін “Спартак” стадионын сатылымға қойыпты. Стадион әкімшілігі дер кезінде салық төлеуден жалтарған соң, мемлекеттік құрылымдар осындай шешімге тоқталыпты. Және сатылымға қойылған стадионды түгелімен сатып аламын деп отырған ірі кәсіпкер табылып та отырған секілді.

P.S. Бейресми ақпараттарға сүйенетін болсақ, әлгі ақсүйек мырза сонымен қатар “Семей” футбол клубын қайта жасақтап, бірінші лигаға қайта қосуды жоспарлап отыр екен. Абрамовичтен асып түспесе де, кем түспейтін қазақстандық байларға бір футбол клубын қаржыландыру түкке тұрмаса керек.

Жолдаған: Ермұхамед Мәулен

Сурет: ffs.kz