Әлем біріншілігінің бойтұмарына есім берілді

Әлем біріншілігінің бойтұмарына есім берілді

2014  жылы Бразилия жерінде өтетін футболдан әлем біріншілігі бойтұмарының есімі болды. Бойтұмардың атын тек оңтүстік Америка елінің ғана тұрғындары дауыс беру арқылы анықтады. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайты хабарлайды. Дауыс беру қорытындысы бойынша, тұмардың есімі - Фулеко болып таңдалды. Фулекоға ел тұрғындарының 48 пайызы, яғни, 1,7 миллион адам дауыс берген.

2014 әлем біріншілігі бойтұмарының аты - Зузеко немесе Амижуби деп те аталуы мүмкін еді. Су жаңа бойтұмарды осы аптаның соңында атақты шабуылшы Роналдо ресми түрде халыққа таныстыратын болады. Айта кетейік, 2014 жылы Бразилияда әлем чемпионаты 12 шілде мен 13 тамыз аралығында өтеді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: oreanda.ru 

М. Оңғарова