ФИФА үздік қорғаушылардың тізімін жариялады

ФИФА үздік қорғаушылардың тізімін жариялады

ФИФА қауымдастығы жылдың символикалық төрт орнына талас қылатын қорғаушылардың тізімін шығарды.

Кешегі күні ФИФА қорғаныста өнер көрсететін 20 ойыншының атын атап, түсін түстеп, солардың төртеуі ғана тізімге ілінетінін жария етті. Айта кететін болсақ, дауыс беруге бүкіл әлемнің футболшылар қауымдастығына кіретін 50 мыңға жуық ойыншылар ат салысады. 

Ендеше, тізіммен таныс болыңыздар:

Карлес Пуйоль, Жерар Пике, Хавьер Маскерано, Жорди Альба, Дани Алвес (барлығы - «Барселона»); 

Эшли Коул, Давид Луис, Бранислав Иванович,Джон Терри (барлығы - «Челси»);

Марсело, Пепе, Серхио Рамос (барлығы - «Реал»), 

Патрис Эвра, Рио Фердинанд (екеуі де - «Манчестер Юнайтед»);

 Гарет Бэйл («Тоттенхэм»);

 Джорджо Кьеллини(«Ювентус»);

 Венсан Компани («Манчестер Сити»);

Матс Хуммельс («Боруссия», Дортмунд);

Филипп Лам («Бавария»);

 Тиаго Силва («ПСЖ»);

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылдың симоликалық құрамы 2013 жылдың 7 қаңтарында Цюрихтегі марапаттау рәсімінде белгілі болады.

сурет:football.sumy.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига