Рафаэль енді "ақсүйектерді" жаттықтыратын болды

Рафаэль енді "ақсүйектерді" жаттықтыратын болды

Испандық маман Рафаэль Бенитес осы кезеңнің соңына дейін "Челси" командасының бас бапкері болып бекітілді.

"Клуб президенті мен басқару әкімшілігі Бенитес бастаған бапкерлердің қатарында кілең сайдың тасындай мықты маман иелері келгенін айтады. Және осы күннен бастап, команданың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қоспақ" - деп "Челси" командасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бүгін 52 жастағы Бенитес бапкер "Челси" командасының дайындық базында аталған клубтың ойыншыларына таныстырылатын болады.

Айта кететін болсақ, Рафаэль итальяндық Роберто ди Маттеоның орнына келді. Өз кезегінде ди Маттео сәрсенбі күнгі "Ювентуске" қарсы өткен сәтсіз ойыннан соң алынып тасталған еді. 

Естеріңізге сала кетсек, испандық маман Тұманды Альбион жерінде бұған дейін де жұмыс жасап көрген. 2004 пен 2010 жылдардың аралығында «Ливерпуль» командасын жаттықтырған болатын. Жаттықтыра жүріп, Чемпиондар Лигасын, Еуропа суперкубогін, Англия кубогін және ел суперкубогін алып берген-ді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Л. Лига